Семинар "Я - педагог. Эффективная работа в коллективе». » ГККП "Ясли сад №94"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 380-61-46
Әдіскер::
+7(727) 397-78-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар "Я - педагог. Эффективная работа в коллективе».
09
ақпан
2026

Семинар "Я - педагог. Эффективная работа в коллективе».

«Мен — педагогпын. Ұжымдағы тиімді жұмыс»
2026 жылғы 28 қаңтарда Алматы қаласы Жетісу ауданының № 94 балабақшасында
мектепке дейінгі ұйымдардың психологтарына арналған аудандық семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Мен — педагогпын. Ұжымда тиімді жұмыс».
Семинарды № 94 балабақшаның меңгерушісі Абизова Ж.Ж. ашып, сөз сөйледі:
— Құрметті әріптестер, педагог-психологтар, семинарымыздың қонақтары!
Бүгін біз бұл жерде тек тәжірибе алмасу үшін ғана емес, сонымен қатар кәсіби қолдау, өзара түсіністік пен шабыт алуға болатын орта қалыптастыру үшін жиналдық. Қазіргі таңда педагог-психолог — тек балалармен жұмыс істейтін маман ғана емес. Ол педагогтерге, ата-аналарға және әкімшілікке қолдау көрсететін, ұжымда эмоционалды сау әрі жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын маңызды тұлға.
Жоғары жүктеме, үнемі болып жатқан өзгерістер мен үлкен жауапкершілік жағдайында кәсіби тепе-теңдікті сақтай білу, эмоционалдық интеллектті дамыту және бір-бірімізге қолдау көрсету аса маңызды. Бүгінгі семинардың тақырыбы — «Мен — педагогпын. Ұжымда тиімді жұмыс» — өте өзекті. Бұл тақырып уақыт талабын және мамандарымыздың нақты кәсіби қажеттіліктерін көрсетеді. Семинарға қатысушылардың барлығына нәтижелі жұмыс, жаңа идеялар, пайдалы тәжірибелік құралдар және ең бастысы — кәсіби қызметте көмегін тигізетін мол ішкі ресурс тілеймін. Ал енді назарларыңызға тәрбиеленушілеріміздің орындауындағы музыкалық сыйды ұсынамыз.
Меңгерушінің сөзінен кейін «Қарлығаш» мектепалды тобының кішкентай өнерпаздары қонақтарды көңілді биімен қуантты.
Балабақшаның педагог-психологы Азимова Р.А. семинар тақырыбы бойынша екі презентация ұсынды. Презентациялар барысында педагогтердің кәсіби күйзелісі тақырыбы кеңінен қарастырылды:
— Тәрбиешінің эмоционалдық жағдайы балалар мен ата-аналарға тікелей әсер етеді. Сондықтан кәсіби күйзелістің алдын алу — психологтың ең өзекті міндеттерінің бірі. Кәсіби күйзеліс дегеніміз не? Бұл — ұзақ уақытқа созылған стресс, жоғары жауапкершілік пен тұрақты эмоционалдық күш жұмсаудың нәтижесінде пайда болатын эмоционалдық, физикалық және психологиялық қажу жағдайы. Мұндай жағдай көбінесе көмектесуші мамандық иелерінде кездеседі: педагогтерде, психологтарда, тәрбиешілерде, дәрігерлерде, әлеуметтік қызметкерлерде. Кәсіби күйзеліс — әлсіздік немесе кәсіби біліксіздіктің белгісі емес екенін түсіну маңызды. Бұл — ағза мен психиканың ресурстардың таусылғаны және қалпына келу қажеттілігі туралы беретін сигналы. Күйзелістің алдын алу эмоционалдық интеллектті дамыту, өз сезімдері мен шекараларын тану, тұрақты демалыс, әріптестердің қолдауы және ішкі ресурсты қалпына келтіруге бағытталған психологиялық тәжірибелерді қолдануды қамтиды. Біз күйзеліс жағдайымен қалай жұмыс жасаймыз? Мысалы, арт-терапия әдістерін қолданамыз: «Менің армандарым мен ресурстарым» атты ресурстық суреттер, мандалаларды бояу, «Көңіл күй кемпірқосағы» техникасы. Әр эмоция — белгілі бір түс. Біз өз сезімдерімізді көруге, қабылдауға және атауға үйренеміз.
Сонымен қатар, жүргізуші педагогтердің суреттері негізінде жасанды интеллект көмегімен жасалған «Жанданған армандар» атты мультфильмді ұсынды.
Семинардың теориялық бөлімі біртіндеп практикалық бөлімге ұласты. Балабақша ұжымы өздерінің ұйымшыл әрі тиімді жұмысын көрсетті. № 94 балабақша педагогтері «Достық жібі» жаттығуын орындап, МАК — метафоралық ассоциативті карталарды қолдана отырып психологиялық талдау жүргізді.
Өз кезегінде семинар қонақтары «Есім және метафора» жаттығуын орындады. Сонымен қатар, қонақтар QR-кодтар арқылы қолжетімді электронды МАК-пен жұмыс жасады. Семинар қатысушылары арт-терапия бағытындағы тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, «Психологтар командасы» тақырыбында ұжымдық суреттер салды және «Қолдау қолы» техникасын қолданып көрді.
Семинар соңында балабақша ұжымы тәрбиеленушілермен бірге достық туралы ән орындады. Семинар қонақтары мен аудан балабақшаларының басшыларынан құралған құрметті қазылар алқасы өткен семинарды жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Я — педагог. Эффективная работа в коллективе».

28 января 2026 г. в Ясли-сад № 94 Жетысуского района г.Алматы прошел
районный семинар для психологов дошкольных организаций на тему: «Я — педагог. Эффективная работа в коллективе».

Семинар открыла заведующая Ясли-сад № Абизова Ж.Ж., выступившая с
приветственной речью:
¬- Уважаемые коллеги, педагоги-психологи, гости нашего семинара!
Сегодня мы собрались здесь не только для обмена опытом, но и для того, чтобы создать среду, в которой можно получить профессиональную поддержку, взаимопонимание и вдохновение. В настоящее время педагог-психолог — это не просто специалист, работающий с детьми. Это важная фигура, оказывающая поддержку педагогам, родителям и администрации, формирующая в коллективе эмоционально здоровый и благоприятный психологический климат. В условиях высокой нагрузки, постоянных изменений и большой ответственности особенно важно уметь сохранять профессиональное равновесие, развивать эмоциональный интеллект и поддерживать друг друга. Тема сегодняшнего семинара — «Я — педагог. Эффективная работа в коллективе» — очень актуальна. Она отражает требования времени и реальные профессиональные потребности наших специалистов. Желаю всем участникам семинара продуктивной работы, новых идей, полезных практических инструментов и, самое главное, богатого внутреннего ресурса, который поможет в профессиональной деятельности. А сейчас предлагаем вашему вниманию музыкальный сюрприз в исполнении наших воспитанников.
После выступления заведующей маленькие артисты из предшкольной группы «Карлыгаш» порадовали гостей зажигательным танцем.
Педагог-психолог сада Азимова Р.А. представила две презентации на тему семинара. В ходе презентаций была освещена тема профессионального выгорания педагогов:
—Эмоциональное состояние воспитателя напрямую отражается на детях и родителях. Именно поэтому профилактика выгорания — одна из самых актуальных задач психолога. Что такое профессиональное выгорание? Это состояние эмоционального, физического и психологического истощения, которое возникает в результате длительного стресса, высокой ответственности и постоянной эмоциональной отдачи в работе. Чаще всего с этим сталкиваются специалисты помогающих профессий: педагоги, психологи, воспитатели, врачи, социальные работники. Важно понимать, что профессиональное выгорание — это не слабость и не признак непрофессионализма. Это сигнал организма и психики о том, что ресурсы истощены и требуется восстановление. Своевременная профилактика выгорания включает развитие эмоционального интеллекта, умение распознавать свои чувства и границы, регулярный отдых, поддержку со стороны коллег, а также использование психологических практик, направленных на восстановление внутреннего ресурса. Как же мы работаем с выгоранием? Например, применяем арт-терапию: ресурсные рисунки «Мои мечты и ресурсы». Кроме того, мы разрисовываем мандалы и применяем технику «Радуга настроения». Каждая эмоция — это цвет. Мы учимся видеть, принимать и называть свои чувства
Также, ведущая продемонстрировала мультфильм «Ожившие мечты, созданный на основе рисунков педагогов с помощью искусственного интеллекта.
Теоретическая часть семинара плавно перешла в практическую. Коллектив сада показал свою успешную и дружную работу. Педагоги Ясли-сада № 94 выполнили упражнения «Нить дружбы» и провели психологический разбор с использованием МАК - метафорических ассоциативных карт.
В свою очередь, гости семинара выполнили упражнение «Имя и метафора». Вместе с тем, гости работали с электронными МАК, доступ к которым был получен с помощью QR- кодов. Участники семинара с удовольствием выполнили задания из области арт терапии: нарисовали коллективные рисунки на тему «Команда психологов» и опробовали технику «Рука поддержки».
В завершение семинара коллектив сада совместно с воспитанниками спели песню о дружбе.
Гости семинара и почетное жюри в лице руководителей детских садов района высоко оценили прошедший семинар и выразили благодарность его организаторам.